Семейде байкерлер өнімдерді жеткізуге көмектесіп жүр
Семейде «Скутер Семей» және «Колея» жол талғамайтын көліктер клубының қолдауымен төтенше жағдай кезінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Еріктілер азық-түлік пен ең қажет деген заттарды сатып алып, аз қамтылған отбасыларға таратып жүр.
– Біз сүт, қант, түрлі жарма, картоп сатып алдық. Балаларға деп тәттілер де алдық. Енді мотоциклмен және автокөлікпен жеткіземіз. Бізге мұқтаж жандардың тізімі берілді, сол мекен жайларға жеткізіп жүрміз. Кәсіпкерлер де бұл іске атсалысуда, – дейді Семей қаласының байкерлер қауымдастығының өкілі Владимир Себгатуллин.
Бір күнде еріктілер 60 отбасына көмек көрсетеді екен. Байкерлердің бұл ізге ісіне атсалысамын деген қала тұрғындары, Kaspi gold шотына қаражат жібере алады: 5169 4971 4906 3038