KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

ШҚО-да тағы бір адам коронавирус жұқтырды

25.04.2020, 03:10 113

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

24.04.2020 жылғы сағат 23.00-дегі жағдайға бойынша коронавирус инфекциясы 1965 жылғы ер адамнан анықталды. Глубокое ауданының тұрғыны 22 сәуір күні Ресей Федерациясынан келген. Бір күннен кейін аурудың алғашқы белгілері (дене қызуы мен әлсіздік) байқала бастапты.

Дәрігерлер оны дереу провизорлық стационарға оқшаулап, «ПЦР» талдауын жасаған. Нәтижесі – оң, яғни COVID-19 инфекциясы анықталды.

Қазіргі уақытта науқас инфекциялық палатаға ауыстырылды, ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауырлау.

Науқаспен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау бойынша күшейтілген эпидемиологиялық тексеру шаралары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыс көлемінде коронавирус жұқтырғандар саны 16 болды.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу