Өрттің көбеюі күннің күрт ысуына байланысты - ШҚО
Шығыс Қазақстанда сәуір айында ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты өрт саны артуы мүмкін.
Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алексей Штыкель мәлім етті.
Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл өңірімізде өрт азайды.
- Біздің мамандар Өскеменде рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 6 бағбанға ескерту жасады. Енді бір рет ескерту алған азаматтар тәртіпке бағынбайтын болса, оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді Алексей Штыкель.
Брифинг соңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалауға шақырды.