ТЖ режимін бұзған өскемендіктерге айыппұл салынып, қамауға алынып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап коронавирустық инфекцияның таралмауының алдын алу және ауырған науқастардың санын азайту мақсатында төтенше жағдай режимі жарияланды. Алайда, соған қарамастан шектеу шараларын сақтамайтын тұрғындар да бар.
Ағымдағы жылдың 20-22 сәуір аралығында полиция қызметкерлері рейд жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзған 102 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 94-і рұқсатнама арқылы қала ішінде ары-бері қатынау ережесін бұзған. Ал қалған 7-і эпидемияның алдын алу жұмыстарының қағидаларын сақтамаған. Осылайша, екі күннің ішінде 69 адамға ескерту жасалып, 19 тұрғынға айыппұл салынып, 14 адам қамауға алынды.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұрғындардың ісі Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Сот шешімімен Т.есімді азамат мас күйінде рұқсатнамасыз қала ішінде жүргені үшін үш күнге қамауға алынды.
Ескерте кетейік, бұл азамат бұған дейін бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда оған осы келеңсіз жайттар «сабақ» болмаса керек.
Сондай-ақ сот шешімімен қала ішінде рұқсатнамасыз жүргені Б.есімді азамат екі күнге қамауға алынды.
Соттың шешімімен Г.есімді азамат тақ күндері қала ішінде қатынау үшін жасыл рұқсатнаманы заңсыз пайдаланғаны үшін 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл төледі.