ТЖБ Риддер тұрғындарына ескерту жасады
Риддерліктерге төтенше жағдай басқармасы ескерту жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кенді қаладағы төтенше жағдай мамандарының айтуынша, күннің лезде жылынуына байланысты аймақтағы тау өзендері арнасынан асып, сең жүреді. Оның үстіне қар жылдам еріп жатқан көрінеді.
– Тұрғындар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алдағы төрт күннің ішнде тауыл аймақтарға бармауы тиіс. Қандай да бір төтенше жағдайға тап болған тұрғындар 112 номері бойынша Риддер қаласының диспетчерлік қызметіне қоңырау шала алады, – деп мәлімдеді Риддер қаласындағы ТЖБ.
Оқи отырыңыз