KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
492.22 529.38 5.03

Шомылу маусымы: ШҚО-да 43 адамға айыппұл салынды. Неге?

26.07.2019, 08:53 200

Өңірімізде екі мыңнан астам су қоймасы бар. Алайда, оның ішінде тек 135 жағажай мен балаларға арналған лагерьлердегі жеті бассейнде ғана суға түсуге рұқсат етілген. Онда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Тимур Дидахметов мәлім етті.

Шомылу маусымы басталғалы бері облыс көлемінде 1518 рейд жүргізілген. Нәтижесінде антиалкогольдік заңнаманы бұзған 43 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ суға батқан 10 адам құтқарылған, оның біреуі бала.

– Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында құтқару бекеті жұмыс істейді. Онда жауапты сала мамандарының жұмысына қажетті барлық құрал-жабдықтар бар, – деді Тимур Дидахметов.

Өңірімізде шомылу маусымы басталғаннан бері 29 адам суға кеткен. Олардың жетеуі балалар. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай қарапайым қауіпсіздік шараларының сақталмауынан орын алып отыр.

Жағажайға демалуға барған азаматтар көбіне алкогольді ішімдік ішеді немесе шомылуға арналмаған орындарда суға түседі. Сондай-ақ су жағасында ересектердің қарауынсыз қалып қойған бүлдіршіндер тілсіз жаудың құрбаны болуда.

– Біздің өңірдегі орман алқабының қауіпсіздігін алты республикалық және 13 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері бақылайды. Негізі, облыстағы орман қорының жалпы аумағы 3,8 миллион гектарды құрайды, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Алексей Штыкель.

Брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы соңғы 15 жыл көлемінде өңірдегі орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп келе жатқанын атап өтті.

– Ағымдағы жыл басынан бері өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында 73 бірлік техника мен 3800-ден астам қажетті құралды дайындап қойдық, – дейді Алексей Штыкель.

Биыл өңірдегі дала өрті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға азайды. Брифингке қатысқан Алексей Штыкель осылай деді.

– Ағымдағы жыл басынан бері 62 мобильді топ құрылып, рейд жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігін сақтамаған 84 заңбұзушылық анықталды, – деді Алексей Штыкель.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив