KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.97 537.8 5.25

Өскеменде пәтерлерді неге хлорлап жатыр?

24.04.2020, 03:45 106

Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары пәтерді хлормен жуудың маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Марат Ысмайылов коронавирус жұқтырған кейуананың үйін санитарлық бригаданың қалай тазалағанын айтып берді.

– Мұндай бригадалар арнайы оқу-жаттығудан өткен адамдардан жасақталған. Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қатаң ереже бойынша әрекет етеді. Коронавирус ауа-тамшы жолымен берілетіні белгілі.  Ал көпқабатты үйлерде ортақ сорғыш түтік болады. Сондықтан инфекция басқа пәтерлерге таралмау үшін  үйді міндетті түрде тазалаймыз. Бұл бүкіл қоғамның мүддесі мен қауіпсіздігі. Мұндай жұмыстар 29 инфекция ошағының барлығында жасалуда, – дейді облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Марат Ысмайылов.

Сондай-ақ маманның айтуынша, облыс көлемінде инфекция жұқтырған адамдармен байланыста болған 437 адам анықталды. Олдардың 78-і карантиндік стационарларда, 369-ы үйде оқшауланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу