KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-кездесу өтеді

23.04.2020, 10:19 126

Шығыс Қазақстанның облыстық кітапханасы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы кітапхананың ресми сайтында жарияланды.

Онлайн-кездесуді Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің өкілі, әл-Фараби ғылыми-білім орталығының жетекшісі Бекжан Мейірбаев өткізеді. Шара тікелей эфир форматында өтпек.

Бұл трансляция ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығын зерттеу мен сақтауға бағытталған. Эфирге қатысушылар отандық фарабтану мектебінің дамуы мен ұлы ғалымның шығармашылығындағы жаңа фактілер туралы ақпарат алады.

Тікелей эфир 24 сәуір күні сағат 15.00-де Бекжан Мейірбаевтың Facebook-тегі жеке парақшасында өтеді: https://www.facebook.com/mbekzhan.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив