Өскеменде коммуналдық қызметкерлер жағалауларды тазалауға кірісті
Өскеменде коммуналдық қызметкерлер жағалауларды тазалауға кірісті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Коммуналдық қызметкерлер Ертіс пен Үлбі бойын, Славский жағалауы мен Протозанов көшесін тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Олар қазір Өзен вокзалы жақта жұмыс істеуде.
– Біз қоқыс салғыштар мен орындықтарды жөндеп, сырлап, қалпына келтіреміз. Коммуналдық қызметкерлер жұмысын уақытында бастады, бір апта ішінде Үлбі жағалауына жетеді. Жақында ғана «Ертіс-Концертке» қарама-қарсы тұстағы жол жигенідегі ернеулерді құлап қалды. Мүмкін бұл әлдебір бұзақылардың ісі болар. Қалай болғанда да оны қаланың ТҮКШ бөлімі қалпына келтіруі керек, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.