WTI маркалы мұнай бағасы 20 доллардан төмен түсіп кетті
30 наурыздағы азиялық сауда-саттықта WTI мұнайының бағасы 19,92 долларға тең болды. Аталмыш «қара алтынның» құны 2002 жылдың ақпан айынан бері бірінші рет 20 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
18 наурызда WTI баррелі 20,05 доллар болған еді. Сонымен қатар Brent маркалы мұнайдың баррелі 23,06 долларға түсті. Солтүстік теңіз сорты саналатын бұл мұнай соңғы рет 2003 жылдың сәуір айында 23,05 долларға дейін төмендеген екен.
Халықаралық энергетикалық агенттік және ОПЕК статистикасына сүйенсек, әдетте бір күнде мұнайдың 100 миллиондай баррелі тұтынылады. Алайда коронавирусқа байланысты бұл көрсткіш соңғы бірнеше апта ішінде 20-25 пайызға төмендеген.