Коронавирусқа ақылы анализ тапсыруға болады

Қазақстанда коронавирусқа ақылы түрде анализ тапсыруға болады. Тестті кез келген жастағы адам тапсыра алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлім етті.
Айтуынша, елімізге осы аптада арнайы экспресс-тесттер әкелінбек. Тексеруден өтуге ниетті адамдар коронавирусқа анализді “Олимп” зертханалар базасында ақылы түрде тапсыра алады.
Аталмыш экспресс-тесттер пациенттің қанындағы қарсы денелерді анықтайды. Мұндай қарсы денелер науқас адамдар мен вируспен жеңіл түрде ауырып, жазылып кеткендердің қанында болады екен.