Дубайға баратын туристер екі рет тест тапсырады
Дубайға барғысы келетін қазақстандық туристер коронавирусқа екі рет тест тапсырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Whatson.ae басылымына сілтеме жасап.
Айта кетсек, Дубай 7 шілдеден шетелдік туристерді қабылдауды бастады.
Алайда Дубайға бару үшін коронавирусқа тапсырылған тесттің нәтижесі теріс болу керек. Әуежайда олар тағы бір мәрте анализ тапсыруға міндеттеледі. Яғни, бірінші тестті ұшаққа отырғанға дейін, екінші тестті – ұшақтан түскеннен кейін әуежайда тапсырады.
Бұл ереже 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол 29 елден келетін туристер үшін орындауға міндетті болып табылады.
Оқи отырыңыз