KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да коронавирусқа анализді кез келген адам тапсыра алмайды

16.03.2020, 04:50 87

ШҚО-да коронавирус инфекциясының белгілері байқалған жағдайда ғана анализ тапсрыуға болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы вирусқа қарсы күрес бойынша құрылған облыстық штабтың отырысында айтылды.

13 наурыздағы жағдайға сәйкес, барлығы 36 тест жасалған. Нәтижелері расталмаған. Анализ екі кезеңмен жүргізіледі: Өскеменде бір анализ жасалады және Алматыда қосымша тағы тексеріледі.

Мұндай тесттер аурудың белгілері болған жағдайда ғана жасалады екен. Кез келген адам анализ тапсыра алмайды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында ШҚО-да 20 ақпаннан бері 73 адам ауруханаға жатқызылғаны туралы жазды. Бұлардың барлығы 1А категориясындағы елдерден келгендер. Оның ішінде 64 адам үйіне жіберілсе, 9 адам әлі де оқшауланған.

Облыс көлемінде 500 инфекциялық, 413 болжалды, және 2505 обсервациялық төсек-орындар әзірленген.

Аурудың белгілері, яғни жоғары температура, құрғақ жөтел, тұмау пайда болған жағдайда немесе вирусқа қатысты сұрақтар туындаса, call-орталықтарға хабарласу қажет: 87232-701131 (Өскемен), 87222-600500 (Семей). Сондай-ақ, 1406 бірыңғай республикалық номер бойынша да ақпарат алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив