6 сәуірден бастап мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді
Қазақстанда мектептер 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқытуға көшеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы баспасөз конференциясы кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті.
- 6 сәуірден бастап мектептер қашықтықтан оқыту режиміне көшеді. Қазіргі таңда білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру бойынша шараларды атқаруда. Толығырақ ақпарат жақын уақытта беріледі. Ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймын. Түрлі сұрақтар қойып, мектептер мен мұғалімдерді жазғырудың қажеті жоқ. Бұл Үкімет тарапынан ғана шешімін табатын мәселе, - деді Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, министр «Ел арна» және «Балапан» телеарналары бойынша оқушыларға арналған бейнесабақтар көрсетілетінін айтып өтті. Бейнесабақтарды Білім және ғылым министрлігі әзірлеген екен. Бұл қосымша шара болып табылады. “Балапан” телеарнасында видеолар мемлекеттік тілде, «Ел арнада» - орыс тілінде көрсетіледі.