KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
484.37 531.06 5.05

ШҚО-ның шетелде жүрген 70 азаматы келеді

20.03.2020, 13:39 126

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтарға шетелге шығуға уақытша тыйым салынды. Бұдан бөлек ҚР-ның ішінде және көршілес Қытай мемлекетіне қатынайтын жолаушылар автобустары әзірше тоқтатылды. Бұл туралы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Кабаков өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Брифинг барысында басқарма басшысы шетелде жүрген «туркоды» бар қазақстандық азаматтарды елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– «Туркоды» бар қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстарын қаржыландыруға «Қамқор» корпоративтік қоры қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Ал аталмыш қормен келісімшартқа отырмаған турагенттіктердің көмегімен шетелге кеткен азаматтар еліміздің дипломатиялық өкілдеріне хабарласып, Қазақстанға қайту үшін билеттерін тікелей рейске ауыстыра алады, - деді Марат Кабаков.

18 наурызда РФ үкіметінің бір реттік қаулысымен аталмыш мемлекеттің әуежайында отырған ҚР азаматтары елге қайтарылады. Оларды жауапты сала мамандары ҚР шекарасына дейін шығарып салады. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді.

- Турфирмалар ұсынған дереккөздеріне сүйенсек, шығысқазақстандық 72 азамат БАӘ, Тайланд, Египет, Въетнам, Гоа, АҚШ және РФ елдерінде жүр, - деді Марат Кабаков.

Брифинг барысында басқарма басшысы облыстағы қонақ үйлер мен демалыс базаларында, хостельдер мен турбазаларда санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

- Туристік саланы дамытуға ден қойған кәсіпкерлердің несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді, - деді Марат Кабаков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив