-28 градус. Наурызда ауа райы қандай?
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қалай болатынын болжап көрді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазгидрометтің болжамы мынадай: Айдың басынан орта шеніне дейін аздаған жауын-шашын жауып, ауа температурасы күндіз 7-12 градус нөлден төмен болады. Ал түнде 18-23 градуыс аяз, тіпті кейбір өңірлерде сынап бағанасы -28 градусқа дейін төмендейді. Наурыздың екінші он күндігінде жел күшейіп, бұрқасын соғады. Сынап бағанасы күндіз 0... -5 градус, түнде 15-20 градус аралығында болады. Айдың соңына қарай күн райы құбылмалы болмақ. Бірде боран соғып, ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендесе, енді бірде +5 градусқа дейін жылынуы мүмкін.