KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Өскеменде тегін жол жүру билеттері беріліп жатыр

27.02.2020, 11:03 169

Бүгіннен бастап Өскеменде көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға тегін жол жүру билеттері беріле бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндай акция қаламызда алғаш рет өткізілуде.

Тегін жол жүрі мүмкіндігі осы отбасылардағы мектеп жасындағы, яғни 7-17 жастағы балаларға беріледі. Жол жүру билеттерін беру 4 наурызға дейін жалғасады. Әр айдың 27-сінен 4-не дейінгі аралықта билеттерді жаңартып отыру қажет екен.

- Бұл бастама облыс әкімі мен қала әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Бүгін, міне, қаладағы көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек  алатын отбасылардан шыққан 3213 бала оқушыларға арналған жол жүру билеттерін алып жатыр. Мұндай билеттермен автобуста да, микроавтобустар мен трамвайларда да жүруге болады, - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Альмира Мусинова.

Аталмыш жол жүру билеттері бір отбасының мектеп жасындағы әр баласына жеке берілетінін айта кеткен жөн.

Билет алу үшін анасының жеке куәлігі мен әр баланың туу туралы куәлігін алып, Тургенев, 30 мекен-жайында орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.

- Менің жеті балам бар. Ары-беру жүру біз секілді отбасыларға оңайға соқпайды. Әкімшілікке балаларға жеңілдік жасап, осындай жол жүру билеттерін ойлап тапқандарына рахмет, - дейді Өскемен тұрғыны, көпбалалы ана Гүлжан Абдрахманова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив