KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Президент Семей әкімі Ермак Сәлімовке тапсырма берді

6.02.2020, 04:20 188

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тыңдады.

Кездесуде жұмысы тоқтап қалған кәсіпорындарды қайта іске қосу мәселесі айтылды. Оның ішінде, тері-былғары комбинатының жайы қозғалды. Сондай-ақ жаңа мектеп мектеп салу, жолдарды жөндеу, абаттандыру, радиологиялық орталықтың жұмысы және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

Қала әкімі Ермак Сәлімовке Абайдың мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге байланысты нақты тапсырмалар берілді.

Президент Семейге берілген статус қаладағы тарихи-мәдени орындардың сырт келбеті мен жұмыс сапасын арттыруды талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ ағаш отырғызу, қаланы абаттандыру жұмысына еріктілер мен жастарды тартуды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу