Инспекторлар қар жамылған қорықтың суреттерін жариялады – ШҚО
Қыс мезгілінде «Батыс Алтайдың» қорықшыларының жұмысы қиындайды. Себебі қар қалың.
Жуықта қорықта түсірілген суреттер әлеуметтік желіге жарияланды.
«Биыл қар қалың түсті. Суреттен көріп тұрғандарыңыздай 1 метрден астам. Бұған қарамастан инспекторлар қорық аумағын ұдайы аралап шығып, бақылауда ұстауда», – дейді инспекторлар.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биыл қар Глубокое ауданының аумағында қалың. Ең қалың тұсы – 1 метр 20 сантиметр.