"Тек шетелдік көліктер мәселесімен айналысады" – ШҚО-дағы халыққа қызмет көрсету орталықтары
ШҚО қалалары мен аудандарында полицейлер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен енгізілген көліктерді уақытша тіркеу туралы кеңес береді. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.
Ресми органның ақпаратына сүйенсек, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «АвтоЦОН-дар» бір ай бойы сенбі-жексенбі күндері тек шетел нөмірімен жүрген автокөліктердің мәселесімен айналысады.
Бұл жөнінде кеңес беретін орталықтардың мекенжайы төменде:
Семей қ. Қаржаубайұлы көшесі, 249-үй;
Өскемен қ. Абай даңғылы, 203/3-үй;
Аягоз қаласы Дуйсенов көшесі, 102/2-үй;
Бородулиха Молодежная көшесі, 25-үй;
Жарма ауданы Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98-үй;
Зайсан қаласы,.Б.Сатпаев көшесі, 27В;
Алтай қаласы, Стахановская көшесі, 39-үй;
Көкпекті ауылы, Абылайхан көшесі, 19-үй;
Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 12-үй;
Үржар ауылы, Абылайхан көшесі,45 Б;
Шемонаиха қаласы 3-ықшамаудан, 12-үй.