KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда Қытайдан келген 35 адам ауруханаға жатқызылды

30.01.2020, 05:35 112

Қазақстанда Қытайдан келген 35 адамды оқшаулап, ауруханаға жаиқызды. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

6 қаңтардан бастап Қазақстанға Қытайдан 12 610 адам келген. Оның ішінде 12 365 адам – бізідң елдің азаматтары, шетелдіктердің саны – 245.

Бұл адамдардың барлығы тіркеуге қойылып, абқылауға алынған екен.  Қазіргі таңда коронавирустық инфекция жұқтырды деген күдікке ілінген 35 адам ауруханаға жатқызылып отыр. Оның ішінде 22 адамның өткір респираторлық вирустық инфекция, 4 – тұмау, 1 - паратұмау жұқтырғаны расталған. Яғни, 27 адамның маусымдық инфекциялық ауруларға шалдыққаны анықталды.

Тағы 8 адамның сараптама нәтижелері Алматы қаласындағы Аса қауіпті инфекциялардың Ұлттық орталығында  әлі де тексеріліп жатыр. Бұл орталықтың мамандары жаңа коронавирусты тексеруге арналған ПЦР-диагностика әдісін меңгерген.

Жандарбек Бекшинннің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Ресей Федерациясымен кәсіби көмек көрсету жөнінде келісім жүргізілген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу