KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да 200-ден астам адам боранның салдарынан жолда қалды

29.01.2020, 09:20 150

28-29 қаңтар аралығында ШҚО-да дауылды ескерту жарияланып, облыс тұрғындарына арнайы ескерту хабарламалар таратылды. Кешкі уақытқа қарай барлық бағыттағы тас жолдар жабылды, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

55-38-19 және 56-01-66 телефон нөмірлері арқылы жедел штабқа аймақ тұрғындарынан 40-тан астам хабарлама түсіпті. 112 көлік, оның ішінде 102 жеңіл автокөлік, 3 автобус және 13 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар полиция және  жол қызметімен бірлесе отырып, жолда қалған 218 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ, 70 адам құтқарылды, оның ішінде 11 бала бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив