Семейде күйеуін босатындыққа шығармақ болған әйел алаяққа алданды
Семейде алаяқ «күйеуіңді түрмеден шығарып беремін» деген уәдемен қала тұрғынын алдап кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл көмегі үшін ол әйелден үш миллионнан артық ақша сұраған. Алайда уәде етілген көмекке қол жеткізе алмаған әйел ақыры полицияға арызданды.
Айтуынша, алаяқ оның түрмеде отырған 60 жастағы жұбайын мерзімінен бұрын босап шығуына көмектесемін деп, ірі көлемде қаражат алған. Полиция қызметкерлері алаяқтың аты-жөнін анықтады. Ол бұрын сотталған Үржар ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін мойындап отыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз