KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2,8 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Семейде мекемелердің атын жамылған алаяқтар көбейіп кетті

25.06.2019, 11:40 113

Семейде тағы да алаяқтық жасаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Бюджеттік бағдарламамен баспана алып беремін, тек кепіл ақша берсеңіз болғаны» деген алаяқ әйел бір миллионнан артық ақшаны алып көзден бұлбұл ұшқан.

Тиімді келісімшарт ақпан айында жасалуы қажет еді, бірақ арада алты ай өтсе де алаяқтың тарапынан ешқандай қадам болмаған. Алданғанын түсінген 51 жастағы әйел полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

– Жедел жүргізілген іздеу жұмыстарынан кейін күдікті ретінде 27 жастағы жұмыссыз әйел қолға түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды,  – дейді ШҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу