ШҚО-да алаяқ тұрғын үй кезегінде тұрғандарды алдап соқты
Өскеменде тұрғын үй кезегінде тұрғандарды алдыңғы орынға жылжытып беремін деген уәдемен ақша алып жүрген алаяқ құрықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
4 маусымда полицияға қаладағы жеке кәсіпкерлердің бірінен арыз түсті. Танысы оған тез арада баспана алуға көмектесемін деп уәде еткен. Бұл «көмегі» үшін ол кәсіпкер әйелден 400 мың теңге сұраған.
Полиция бұл іске күдікті 44 жастағы жұмыссыз жүрген ер адамды құрықтады. Анықталғандай, ол осыған дейін бірнеше рет сотты болған.
Қазір алаяққа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз