«Айбардың жағдайы жақсы, қазір интернатта» - Семей
24 қаңтар күні жоғалып кеткен Айбардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатқан оқырмандар үшін, жақсы жаңалығымыз бар. Айбар интернатқа оралды, қазір сабақта. Семей қаласы №42 мектеп-интернатының ұстаздар қауымы Айбардың іздеуіне үлес қосқан шығыс жұртшылығына алғыстарын жеткізіп, Айбардың суреттерін жолдады.
Ұстаздар, Айбардың денсаулығы мен көңіл-күйі өте жақсы дейді. Әлеуметтік желі қолданушылары тәтті балақайдың амандығын тілеп, ыстық лебіздерін жаудырды.