ШҚО-да іздеу салынған оқушы екі күн бойы қайда болған?
24 қаңтар күні жоғалып кеткен Айбар Егізбаевты араға екі күн салып Әуезов бөлімшесінің полицейлері тауып алған болатын.
Тәртіп сақшылары баланың екі күн бойы ауылдағы бос үйлердің бірінде болуы мүмкін деп болжам жасады. Өйткені баланың өзі солай деп отыр. Оның айтуынша, ол үйде ешкім болмаған. Екі күн бойы нанға май жағып сонда түнеп шыққан.
- Қазір болған жайттың мән-жайын анықтап жатырмыз. Айбар өзінің екі күн бойы бос үйде болғанын айтады. Бірақ бұл ақпаратты әлі тексереміз, - дейді Семей Полиция басқармасы бастығының орынбасары Шалқар Қанағатов.
Оқи отырыңыз