KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, В
513.55 602.09 6.42

Головкин Шереметамен Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

24.01.2020, 03:44 1 592

 Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Головкиннің промоутері Эдди Хирн IFL TV-ге берген сұхбатында айтқан екен. Сондай-ақ жекпе-жек өтуі мүмкін елдердің қатарында АҚШ та бар. Бұған дейін боксшылар Чикагода жұдырықтасады деп хабарланған еді. Соңғы деректер бойынша, жекпе-жек уақыты – 11 сәуір. 

Айта кетейік, поляк боксшысы Шеремета – IBF титулының міндетті үміткері. IBF мен IBО белбеулерін Головкин өткен жылдың 5 қазанында жеңіп алды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу