«Қазақстанда тұңғыш рет» Өскемендегі ел чемпионатында ерекше қондырғы қолданылады
Өскеменде жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр. Бұл бәсекеде ерекше қондырғы қолданылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Finish LYNYX қондырғысы Қазақстанда тұңғыш сыналып отыр. Оның ерекшелігі – спортшының көрсеткішін жылдам әрі нақты есептеп береді. Сондай-ақ лезде қатысушының фотосуретін және қорытынды көрсеткішін экранға шығарады. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарының айтуынша, бұл сайыстың әділ әрі тартысты өтуіне ықпал етеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, чемпионат басталмас бұрын Даниал Ахметов спортшыларға сәт сапар тіледі.