ШҚО-да бюджет 99,8%-ға игерілді
Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің шығыс бөлігі 99,8%-ға орындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімі жиын барысында Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіп туралы айтқан сөзін еске салып, қаржыны тиімді әрі мақсатты жұмсаудың маңыздылығын атап өтті.
Оның айтуынша, бюджетті жоспарлау кезінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бірінші кезекте ескерілуі қажет.
Жалпы, облыс бюджетінің кіріс бөлігі 102,3%-ға орындалып, жоспардан 4,8 млрд теңге артық қаржы түскен. Глубокое ауданынан басқа барлық қала мен аудан өз кіріс жоспарын артығымен орындаған.
Облыс басшысы жергілікті атқарушы органдарға бюджеттің әр теңгесін тиімді пайдалануды тапсырып, келесі жылы да қаржылық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын ескертті.
Фото: Махаббат Ахметжанова