KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Нұрлан Нығматулин Өскемендегі көпбалалы аналармен кездесті

10.01.2020, 11:49 210

Өскеменде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген Мәжіліс спикері жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен және көпбалалы аналармен жүздесті.

Тұрғындар аталмыш орталықта қажетті ақпаратқа қол жеткізе ала ма? Атаулы әлеуметтік көмекті жаңа форматта рәсімдеуде қиындық туындады ма? Нұрлан Нығматулин осы сауалдарға жауап іздеді.

Көпбалалы аналар бұл тұрғыда еш қиындық жоқ екенін жеткізді. Өйткені олар АЕК алып қана қоймай, бірі еңбек келісімшарты бойынша жұмысқа тұрса, енді бірі мемлекеттік бағдарлама арқылы грант алып, жеке кәсіп бастап отыр.

Мәжіліс төрағасы осы жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғанын атап өтті. Яғни бала санына қарай 42,5 мыңнан 74 мың теңгеге дейін беріледі. Аталмыш жәрдемақының отбасының кірісіне тәуелділігі жоқ және кірісі 70 пайыздан төмен жанұяларға да беріледі. Сондай-ақ мамандығы немесе білімі жоқ азаматтардың мемлекет есебінен «Еңбек» бағдарламасы бойынша оқып, диплом алуға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, өткен жылдың 11 айында АӘК алған 12 мыңға жуық ел тұрғыны өз бизнесін ашты. 120 мың ауыл тұрғыны өз шаруашылығын ілгерілетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив