Мұрын бітелгенде не істеу қажет?
Иә, күн суыта салысымен тұмаумен жиі ауыратынымыз рас. Алайда, бірден дәріханаға жүгірмегеніңіз абзал. Мәселен, мұрныңыздан су тоқтамай, дем алуыңыз қиындап кетсе, шырғанақ (облепиха) немесе итмұрын майын мұрынға тамызып көріңіз. Сонымен қатар, әр үйден табылатын пияз арқылы ем жасауға болады. Ол үшін 2-3 пиязды ұсақтап, үстіне 50 мл қайнаған су құйып, жылы жерге екі сағат қалдыру қажет. Дайын тұнбаны күніне үш-төрт рет мұрынға тамызу керек.
Дәрігерлер мұрынға шабдалы және зәйтүн майын жағу да артық етпейді дейді. Өйткені осы арқылы микробтармен күресуге болады.
Оқи отырыңыз