KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

Әйнектегі айғызды қалай кетіруге болады?

4.06.2019, 08:24 152

Көлігіңізді жууға апарғыңыз келмей ме, ақшаңызды үнемдеп, түрлі химикаттармен жуылғанын қаламайсыз ба?..

Кастилиялық сабын. Табиғи әрі экологиялық өнім. Оның 90%-ы дерлік зәйтүн майынан тұрады. Сабынды кез келген дүкеннен сатып алуға және қолдан да жасауға болады. Сабынды алып жуатын болсаңыз көлігіңіз айнадай жарқырайды. Бояуына ешқандай залал келмейді.

Егер көлігіңізде тамақтанатын болсаңыз немесе балаңыз тәтті жесе, онда салон ішінің ластануын сізден артық ешкім білмейді. Ал оны тазалаудың жолы қандай? Өте оңай. Ол үшін сізге...

Сіркесу мен ас содасын қоюлатып араластыру қажет. Дайын болғанда тіс щеткасы арқылы көлігіңіздің тамақ сіңген бөліктерін ысқылап, кепкен соң шаңсорғышпен тазарту қажет.

Көлік салонынан жағымсыз истер шыға ма? Ендеше терезені ашып әуре болмай-ақ қойыңыз. Бар жоғы ас содасына эфир майын қосып араластырып, оны шыны банкіде беті ашық күйінде төгілмейтіндей етіп салонға әр кеш сайын қалдырсаңыз жеткілікті.

Әйнектегі айғыз әбден шаршатты ма? Айғыздан құтылу үшін, сіркесуды әйнегіңізге шашып, қағазбен сүртіп алу керек.
Көлігіңіздегі жапсырғыштардың орны кетпей ме? Сізге ол үшін WD-40 қажет.

Егер көлік салоны былғарыдан болатын болса, оны тазалау үшін химикаттарды қолданбай-ақ, зәйтүн майымен сүртіп шыққаныңыз абзал.

Балаңыз көлігіңізді сурет дәптерге айналдырса, балауыз қағазын алып, бояу қарындаштың үстіне қойып, үтікпен басып өту керек. Осылай жасау арқылы, балаңыздың «қылмысын» жылы жауып қоюға болады.
Балауса Қожаева

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу