KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

Денеңізді үсік шалса не істеу қажет?

27.11.2019, 10:10 237

Ия, қылышын сүйретіп қыс та келді. Аязды күндері далада көп жүріп, денеңізді үсік шалса, не істеу қажет? Білмейсіз бе? Ендеше оқыңыз:

Медицинада үсіктің төрт дәрежесі бар. Үсіктің бірінші дәрежесінде терінің сезімталдығы төмендеп, бозарады, үсіген жер ісіне бастайды. Екінші дәрежеде терінің асты суға жиналады. Үшінші дәрежеде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл — үсудің ең соңғы кезеңі. Жансызданған аумақ тырысып кеуіп қалады.

Үсіген адамды кезіктірсеңіз, алдымен жылы жерге жеткізу қажет.  Жылынған соң, ыстық шай немесе су беру керек. Бірақ үсіген адамға кофе ішуге болмайтынын ұмытпағаныңыз жөн. Үсіген жерді уқалау керек. Бірақ киімді шешпегеніңіз абзал. Үсіген адамды бірден ыстық суға жуындыруға болмайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу