Өскеменде алабай ит бойжеткенді талап тастай жаздады
Өскеменде алабай ит бойжеткенді талап тастай жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға кеше Космический көшесінде болды. Бойжеткен хаскиін қасына ертіп, серуенге шыққан. Осы сәтте иесіз жүрген алабай тап беріп, сібірлік итті талай бастаған. Ара түскен қожайын қызды да қауып алған екен. Бойжеткен полицияға хабар берген соң, тәртіп сақшылары дереу жетіп, төбетті «тұтқындады».
Алабай жануарларды қорғайтын «Преданное сердце» приютына табысталды. Оны алып кетуге келген иесі 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтінін айта кетейік. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408 бабы 2 бөлімі бойынша айыпты.
Оқи отырыңыз