«180 жолаушы». Тағы бір ұшақ құлады
Украинаның Boeing 737 ұшағы құлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тегеран халықаралық әуежайының маңында апатқа ұшыраған ұшақта 180 жолаушы болған. Оқиғаны әуежай басшысы растады. Алайда әзірше зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы нақты мәлімет жоқ. Алдын ала деректер бойынша, ұшақ апатына техникалық ақау себеп болған.
Ал CNN деректеріне сүйенсек, Иран шұғыл медициналық көмек қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд жолаушылардың түгел қаза тапқанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз