KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
526.11 542.31 4.76

«200 маман керек». ШҚО-да дәрігерлер жетіспей жатыр

6.01.2020, 06:11 199

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер жетіспей жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде, аймақ көлемінде 200, оның ішінде облыс орталығында 85 маманның орны бос тұрғаны анықталды.

Денсаулық сақтау департаментінің деректеріне сәйкес, терапевт, педиатр, анестезиолог, гинеколог және психиатр сынды мамандардың тапшылығы байқалады.

Кадр тапшылығы бойынша көшбасшылар: облыстық Ана мен бала орталығы, облыстық мамандандырылған медициналық орталық (бұрынғы бірінші қалалық аурухана), облыстық психикалық денсаулық орталығы және  №4 қалалық аурухана.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті жас мамандарды жұмысқа тартуға қатысты іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылатынын мәлімдеді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу