KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Даниал Ахметов 80 жасқа толған өлкетанушыға көлік сыйлады

26.12.2019, 08:43 79

 

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен Достық үйі – қоғамдық келісім сарайында аймақтағы қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында Даниал Ахметов жазушы, өлкетанушы Борис Щербаковқа мәшиненің кілтін табыстады.

Борис Щербаков биыл 80 жасқа толды. Ол қырық жылдан бері табиғатты қорғау және Шығыстың жануарлар әлемі тақырыбында ғылыми жұмыстармен айналысып келеді. Биыл оның шығармалары мен еңбектері оқулықтарға енді.

– Мен неше мыңдаған шақырымды осы уақытқа дейін жаяу шарладым. Арқамда ауыр сөмкем болды. Енді соның өтеуі ретінде жол талғамайтын «Нива» көлігіне ие болдым. Тау-тасты кезгенге таптырмайтын көлік – бұл. Алда әлі талай саяхат бар, – дейді Борис Щербаков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив