KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Жүргізушілер ереже бұзған сәтін видеодан қайталап көре алады – ШҚО

24.12.2019, 05:43 119

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ШҚО әкімінің қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысымен танысты.

– Бұл қоғамдық қабылдау бөлімі ашылғанына бір жылдай уақыт болды. Біздің бірыңғай платформаға бүгінге дейін 60 мыңдай арыз-шағым келіп түсті. Келген арыз-шағымдарды ситуациялық орталықта қараймыз. Халық көбінесе бізбен 1331 нөмірі және SMS арқылы байланысады, – деді орталық қызметкері.

Сондай-ақ қабылдау бөлімінде полиция қызметкерлері де отырады. Қызметкердің айтуынша, мәселен, жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл алған адам осында келіп, сол сәтті видеодан қарап, ақ-қарасын өз көзімен көре алады.

Ғимараттың екінші қабатында «Сергек» орталығы жұмыс істейді. Алайда онда тұрғындар кіргізілмейді. Жоғарыда айтқанымыздай, келушілер қоғамдық қабылдау бөліміндегі полиция қызметкеріне жүгінеді.

Айта кетейік, бұл ғимараттың мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1-үй.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу