KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Семейде Рысқұлбеков атындағы жарыс өтті

19.12.2019, 11:22 93

Жыл сайын Семейде Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған дзюдо додасы өтеді. Жастар арасында ұйымдастырылатын Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы республикалық турнир биыл да жоғары деңгейде өтті.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, турнирде Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларынан, Алматы, Павлодар облыстарынан, сондай-ақ аймағымыздың Абай, Зайсан, Көкпекті аудандарынан жиналған 140-қа тарта ұл-қыз барлығы 15 салмақта өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков өңірде дзюдо күресінің жақсы дамығанын айта келе, спортшыларға сәттілік тіледі.

Дода қорытындысы бойынша ұлдар арасында Байсиық Құмаров, Азамат Ықын, Айбар Айдарұлы, Асқар Нарқұлов, Роллан Саятов, Қуаныш Ратаев, Айбек Ізтілеуов, Әлібек Асқар топ жарса, қыздар бәсекесінде Айсұлу Орынғазықызы, Әнел Асқар, Балнұр Құрманбай, Кристина Сотникова, Мадина Ержан, Виктория Колесникова мен Арайлым Әбенова жеңімпаз атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив