Көліктің астына түсіп өлген еліктің еміне жарты миллион теңге жұмсалыпты
Көліктің астына түсіп өлген еліктің еміне жарты миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы елікті өз қамқорлығына алған «ОСА» Өскемен қауымдастығы мәлім етті.
Иә, қаладан пана іздемек болып мерт болған еліктің жағдайына өскемендіктердің ерекше алаңдаушылық білдіргені бәрімізге аян. Еліктің еміне шаһар тұрғындары 264 500 теңге жинаған, «ОСА» Өскемен қауымдастығының атынан Сергей Бердников 170 000 теңге қосқан. Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары ішінде 20 000 теңгесін бергендер де бар екен. Жиналған қаражат – 454 500 теңге.
Мамандардың айтуынша елікті емдеу үшін 420 000 теңге кеткен. Ал қалған 34 500 теңге «Адал жүрек» қайырымдылық қорына жөнелтіліпті.