KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Әлем кубогы: Галышева бабына енді ене бастағандай

18.12.2019, 05:14 259

Юлия Галышева Қытайдың Тайву провинциясында фристайлдың могул түрінен өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, шығысқазақстандық фристайлшы жарыс қорытындысы бойынша 79,8 ұпай жинап, алдына тек франциялық Перрин Лаффонды (нәтижесі 81,4 балл) ғана жіберді. Үздік үштікті канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант түйіндеді. Осы ретте Галышевамен бірге жүлделі орындарға ие болған қос спортшы да Олимпиада чемпиондары екенін айта кеткен орынды.

Ал ерлер арасындағы додада үздік нәтижені Дмитрий Рейхерд көрсетті. Осыдан он шақты күн бұрын өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде төртінші орыннан көрінген өскемендік фристайлшы бұл жолы алтыншы орынды қанағат тұтты. Бұл сайыста әлемдік фристайлдың көшбасшысы саналатын канадалық Микаэль Кингсбериді (86,3 ұпай) басып озған жапониялық Икума Хоришима (86,9 ұпай) жеңімпаз атанды. Қола жүлде франциялық Бенжамен Кавенің (83,3 ұпай) еншісінде кетті.

Еске салайық, Финляндияның Рука қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогының бірінші кезеңінде жерлестеріміз Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд сәйкесінше 12-ші және төртінші орындардан көрінген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу