"Үй иесі есінен танып қалған". Өскеменде тағы да өрт шықты
Оқиға 17 желтоқсанда сағат түнгі 02:41 кезінде Мызы көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған., деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өрттің жалпы ауданы бір шаршы метр. Құтқарушылар тобының айтуынша, үй иесі есінен танып қалған. Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің берген мәліметіне сенсек, желтоқсанның 14-18 аралығында Өскеменде жеті рет өрт шыққан.
Оқи отырыңыз