«Желтоқсанға тән ауа райына ауысады». Барлық өңірде күн суытады

Күн суытады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктер 12-14 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамына сәйкес, алдағы тәуліктерде ауа температурасы төмендейді.
«Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр. Сондықтан Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауамен республиканың көптеген облысында күннің суытады. Кей өңірлерде қалың жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс аймақтарда бұрқасын болады. солтүстік-батыстан екпінді жел тұрады. Сондықтан температура орташа көпжылдықтан 4…10 градусқа жоғарылайды. Желтоқсан айына тән температураға ауысады», - деп мәлімдеді «Қазгидромет».