KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

«Уәдесінде тұрмады» - Ұлан ауданының әкімі сынға қалды

11.12.2019, 04:31 119

Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сынға қалды. Instagram әлеуметтік желісінде аудан басшысының балаларға берген уәдесінде тұрмағаны жайлы айтылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

5 желтоқсанда Алматы қаласында «Елім деп соғады жүрегім» атты балалаларға арналған республикалық өнер байқауы өткен болатын. Осы байқауға Ұлан ауданынан қатысқан бүлдіршіндер жеңімпаз атанды.

"Бұл балалар байқауға бүкіл Шығыс Қазастан облысының атынан қатысып отыр. Оларды Ұлан ауданының әкімі өзі қарсы аламын деп уәде еткен. Алайда алыс жолдан келген балаларды қарсы алуға билік өкілдерінен ешкім келмеді. Байқауға балалар өз қаражатына барды. Бірақ ол маңызды емес. Мәселе басқада болып тұр. Аудан әкімшілігі басшылардың орынбасарларының бірін болса да жібере алмағандары қалай? Балалар үшін қуанып, бір ауыз жылы сөз айта алмағандары ма? Әкімнің атынан беріледі деп уәде етілген бағалы сыйлықтар туралы, тіпті, айтудың да қажеті жоқ. «Балалар – біздің болашағамыз» деп несіне ұрандатамыз? Олар облыстың намысын қорғады. Масқара болды!" – делінген әлеуметтік желіде таралған жазбада.

Мәселеге қатысты Ұлан ауданының әкімі өз жауабын беріп отыр.

-  Құрметті жерлестер! Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде «Елім деп соғады жүрегім» атты республикалық байқауында жеңімпаз атанған Ұлан ауданының қатысушыларын қарсы аламын деп уәде беріп, бірақ қарсы алмады деген жалған ақпарат таратылған. Республикалық байқау, балалардың келу күні мен уақыты маған хабарланбады. Әрине, бұл үлкен жетістік. Ұлан ауданының жастары мәдениет, білім, спорт саласында республикалық және әлемдік деңгейде аудан ғана емес, аймақтың намысын қорғап, абыройын асқақтатып келеді. Өз кезегімде аталмыш жетістіктерге жеткен жастарды тәрбиелеген ата-аналарға өз алғысымды білдіремін. Аудандық музыка мектебінің директоры мәлімдегендей, өнерлі жастардың қатысуымен есеп беру кеші ұйымдастырлмақ. Сол кеше қатыса отырып, байқауда жеңіске жеткен әр баланы құттықтап, алғыс білдіруді жоспарлаудамын, - деді аудан басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу