KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Семейлік оқушы әлемдік сұлулық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

6.12.2019, 03:27 223

Семейліктер Мәскеуде өткен «World Beauty 2019» халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазын қарсы алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

 Шүлбі ауылының тұрғыны Ясмин Камбышева Grand Prix Teen Miss World Beauty 2019» номинациясының бас жүлдесін иеленді. Байқауға әлемнің 20 елінен 100-ге жуық үміткер қатысқан.

«Біз үш айналымнан өттік. Ұлттық киім айналымында Ясмин қазақтың ұлттық көйлегін киіп, біздің мәдениетімізді көрсетті. Одан кейін спорттық және кешкі киім айналымына шықты. Соңғы айналымда ол дефиле ұсынды», - деді модельдік мектептің басшысы Айна Тоғұсова.

«Сахнада өте қатты қобалжыдым, бірақ қорқынышымды жеңдім. Байқауда барлық қатысушымен танысып, олармен байланысып тұратын болып келістік», - деп өз сезімімен бөлісті Ясмин Камбышева.

Оқушы қыз бұл жеткен жетістікпен тоқтап қалғысы келмейді, келер жылы Түркияда өтетін «Әлем аруы» байқауына қатысуға да ниетті. Бұдан бөлек, Айна Тоғұсова өзінің модельдік мектебінің байқауда «2019 жылдың үздік сән мектебі-агенттігі» сыйлығын жеңіп алғанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив