KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 1 м/с, С
522.63 548.66 5.07

Шығыс Қазақстан облысында глаукоманы емдеудің жаңа әдісі қолданылуда

Фото: pexels.com

Бүгін, 16:20 54 Гульжан Мусина

Барлық белгілі емдеу кезеңдерінен өткен науқастарға көздің сұйықтық шығаратын органдарына транссклеральды микроимпульс циклофото әсер ету әдісімен көру қабілетін сақтап қалуға үміт пайда болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының бас офтальмологы Зарина Қамасова айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дүние жүзінде адамдардың көруін жоғалтуының басты себептерінің бірі – глаукома сырқаты. Бұл көздің созылмалы патологиясы, оның негізгі ерекшелігі – ішкі көз қысымының көтерілуінде. Атап айтқанда, оның ең ауыр түрі – ашық бұрышты глаукома. Бүгінде ШҚО-ның офтальмологтары глаукоманы емдеудің озық әдісі - микроимпульсті лазермен емдейді. Мамандардың айтуынша, лазердің әсері дозаланған және қоршаған тіндерге көп зиянын тигізбейді екен.

- Глаукоманы емдеудің жаңа технологиясы жоғары тиімділікті, минималды инвазивтілікті, асқыну қаупінің төмендігін және глаукоманы емдеуге арналған көрсеткіштердің кең ауқымын біріктіруге мүмкіндік береді, - дейді ШҚО "Көз микрохирургиясы клиникасының" директоры Зарина  Қамасова.

Қазақстанда 40 жастан асқан азаматтар арасында глаукоманы диагностикалау үшін арнайы мемлекеттік скринингтік бағдарлама жасалған. Олар жүйелі түрде көз қысымын өлшеуі керек: тек осылайша глаукоманы анықтауға болады.

- Көздің дренаж жүйесіндегі ақаулар салдарынан көз ішіндегі қысым жоғарылайды. Нәтижесінде бұл көз нервіне зиянды әсер етіп, адам көру қабілетін жоғалтады. Біздің міндетіміз – науқастың көруін сақтау үшін барлық күшті жұмсау, – дейді Зарина Қамасова.

Шығыс Қазақстан облысында Диагностикалық орталық базасында глаукома кабинеті жұмыс істейді. Зарина Қамасованың мәліметінше, облыста глаукомамен есепте тұрған үш мыңнан астам адам болған. Бұл дегеніміз, әрбір пациент көру қабілетін үнемі түзетуге мұқтаж.

- Глаукома қандай да бір дәрежеде диабетке ұқсайды: егер пациентке осы диагноз қойылса, ол өмір бойы қалады. Біз тек аурудың барысын бақылап, көру қабілетін түзетіп, оны мүмкіндігінше ұзақ сақтауға тырысамыз. Өйткені глаукомада көруді қалпына келтіру мүмкін емес, – дейді Шығыс Қазақстан облысының бас офтальмологы Зарина Қамасова.

Маман атап өткендей, ашық бұрышты глаукоманың жаман тұсы – аурудың симптомсыз өтуінде, яғни, көзде ауырсыну немесе жағымсыз сезімдер болмайды, көз нервінің жасушаларының өлуі баяу жүреді әрі науқас үшін байқалмайды. Тек көру қабілеті айқын жоғалған кезде ғана пациент маманға көмекке жүгінеді екен.

Бүгінде осы технология республика бойынша Алматы, Астана және Павлодар облысының офтальмологиялық орталықтарында белсенді қолданылады. Бұл құрылғы пациент барлық тамшыларды сынап көргенде немесе бұрын операция жасағанмен, көзішілік қысым төмендемеген кезде тиімді. Мамандар микро импульстік әсерді қолдана отырып, көзішілік қысымның төмендеуіне қол жеткізеді және бұл пациенттің көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.

Дегенмен, алғашқы тексеруге көз жеткізілген глаукоманың дамыған кезеңімен келетін науқастар келеді, ал бұл дерттің төрт кезеңі бар. Глаукоманы емдеудің алғашқы әдісі – көз қысымын төмендететін арнайы тамшыларды қолдану. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл әдіс аурудың толық емі болмайды. Себебі, уақыт өте келе көз бұл тамшыларға үйреніп, олар жұмыс істемей қалу қаупі бар. Сондықтан глаукома ауруына шалдыққан науқастарға әр үш ай сайын көз қысымын өлшеп, алты айда бір толық тексеруден өтіп, дәрігер препаратты ауыстырып отыру керек.

- Глаукоманың көз тамшыларының бірнеше түрі бар, бұл маманға қажет болған жағдайда бір дәріні екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл сақтық әдісі де уақыт өте келе өзінің тиімділігін жоғалтады. Сол кезде біз науқасқа операциялық араласуды ұсынамыз. Оның тиімділігі де шектеулі – үш жылдан бес жылға дейін. Операцияны екі-үш реттен артық қолдануға болмайды, – дейді Шығыс Қазақстан облысының бас офтальмологы.

Әрине, осы әдістердің – тамшылар мен операциялардың – тиімділігі уақыт өте келе науқастың көруін бірнеше жыл бойы сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бірақ барлық әдістер сынақтан өтсе де, глаукома көз нервінің жасушаларын өлтіріп жатса не істеу керек?

Зарина Қамасова атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысының офтальмологтары глаукоманы емдеудің жаңа әдістерін бұрын барлық кезеңдерінен өткен науқастар үшін қолдануды ұзақ уақыттан бері қарастырып келеді. Мысалы, Астанада көз сұйықтығын шығаратын органдарға транссклеральды микроимпульс циклофотоәсер ету әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл әдісті Ресей мен Батыс Еуропа елдерінің офтальмологтары да сәтті қолдануда.

Былтыр Жаңа жыл қарсаңында Өскеменде алғаш рет транссклеральды микроимпульс циклофотоәсер ету әдісімен төрт тәжірибелік операция жүргізілді. Зарина Қамасованың айтуынша, аппаратты қолданғанда лазердің көз сұйықтығын шығаратын органға әсері жергілікті, дозаланған болып, минималды зақым келтіреді.

Жаңа емдеу технологиясы жоғары тиімділікті, минималды инвазияны, асқынулардың төмен қаупін және глаукоманы емдеудің кең ауқымын ұсынады. Бүгінгі күні барлық науқастар өзін жақсы сезінеді және көз қысымы қайтадан төмендеді. Біз арнайы ауыр глаукома жағдайларын таңдадық, жаңа әдістің тиімділігін тексеру үшін. Қазіргі уақытта нәтижелер бізді қуантады. Бірақ біз операциядан кейін бір айдан соң бақылау зерттеулерін жүргізгенде ғана нәтижелердің нақты болатынын айта аламыз, – деп атап өтті Зарина Камасова.

Облыстың бас офтальмологы жаңа әдіс жоғалған көруді қайтара алмайтынын, бірақ оны бірнеше жылға дейін сақтауға көмектесетінін ерекше атап өтті.

- Осы тұста барлық тұрғындарды скринингтен өтуге шақырамыз!, - дейді бас маман.

Қазіргі уақытта Өскеменде глаукоманы емдеудің жаңа әдісі қолданылатыны туралы барлық облыс офтальмологтары хабардар етілді. Сонымен қатар, наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы офтальмологтар қоғамының барлық мүшелерін жинап, клиникада транссклеральды микроимпульс циклофотоәсер ету әдісінің барлық кезеңдерін көрсету жоспарлануда. Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының баспасөз қызметі мәлімдегендей, глаукоманы емдеудің жаңа әдісі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сақтандырылған пациенттерге тегін көрсетілетін медициналық қызметтер тізіміне енгізілген. Бұл дегеніміз, сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін операция тегін жасалады. Жалпы, транссклеральды микроимпульс циклофотоәсер ету әдісімен емдеудің құны қазіргі уақытта 150 мың теңгеге бағаланып отыр.

Қор филиалы скринингтік зерттеулер глаукоманы ерте анықтау үшін 30-70 жас аралығындағы азаматтар үшін де міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қолжетімді екенін еске салды. Скринингтен өту үшін тұрғылықты жеріңіздегі емханаға жүгіну қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу