Семейлік оқушы қыз «World Beauty 2019» байқауының жеңімпазы
Семейлік оқушы Жасмин Камбышева Мәскеуде өткен «World Beauty 2019» халықаралық байқауының жеңімпазы болды.
Шүлбі ауылының мектеп оқушысы Жасмин 20 елден келген 100 үміткердің арасында жеңімпаз болды. «Grand Prix Teen Miss World Beauty 2019» аталымына ие болды. Жеңімпазды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды.
– Сайыс үш кезең бойынша өтті. Алғашқысында Жасмин қазақ көйлегін киіп, сахнада біздің мәдениетімізді көрсетті. Одан кейін спорттық және сәндік киімдер байқауы болды, – деді Жасминнің жетекшісі Айна Төгісова.
– Алғашында қатты торлқыдым. Кейіннен етім үйренді. Тіпті қатысушылармен дос болып кеттік. Телефон нөмірлерімізді жазысып алдық, – деді жеңімпаздың өзі.
Айта кетейік, Жасмин алдағы уақытта Түркия жерінде өтетін «Әлем аруы» байқауына қатыспақ.