KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
522.63 548.66 5.07

Облыста жеке сот орындаушыларының жұмысын бақылау күшейді

Бүгін, 16:15 42 Төлеуғазы Жансая

Облыста жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау күшейіп келеді. Өткен 11 айда сот орындаушыларына қатысты 175 жоспардан тыс бақылау жүргізілген. Сондай-ақ биыл 78 жоспарлы тексеру өткізіліп, нәтижесінде 66 жеке сот орындаушысы  (84 пайызы) тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Өткен 11 айда өндіріске жеке және заңды тұлғалардан 2 652 шағым түсті. Түсіп жатқан шағымдарға жүргізілген талдаулар көрсетіп отырғандай, бұған дейін шағымдардың көпшілігі алиментті өндіріп ала алмағандығы немесе өндірушінің ақшаны өндіріп ала алмағандығы туралы болса, қазіргі күні шағымдар негізінен борышкерлерден, соның ішінде нотариустардың атқару парағына келіспейтіндіктеріне қатысты түсіп отыр», - деді Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу