KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 2 м/с, В
529.7 545.96 5.17

«Қалаға газ толып қалды». Даулы видеодан кейін Өскеменге Экология комитетінің төрағасы келетін болды

5.12.2019, 03:54 226

Өскеменге Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов келіп, тұрғындармен қаланың экологиясы туралы әңгімелеседі, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

 «Әріптестер, достар. Маған Өскемендегі бейнежазба туралы түсіндіруді сұрап, хабарласты. Бізге бұл қаладағы экологиялық жағдайдың аса мәз еместігі туралы белгілі екенін атап өткім келеді. Ол ең алдымен, ірі өнеркәсіп өндірісінің болуына, газбен ластануға байланысты. Министрлік өнеркәсіп кәсіпорны тарапынан шығарындыларды азайту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Ал жаңа Экологиялық кодекс қабылданған соң, барлық компаниялар қоршаған ортаға зардапты азайту үшін өз өндірісінде ең озық қолжетімді технологияларды орнатуға міндетті. Қоршаған ортаның эмиссиясы төлемі де өседі. Компанияларға айыппұлмен құтыла салу оңайға түспейді. Осы аралықта, Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша, Өскеменге Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов барып, сол жерде азаматтарды қабылдап, мән-жайды анықтайды. Сіздерге жағдайды хабарлап отырамыз!» – деп жазды фейсбук желісінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Естеріңізде болса, жуықта қаланың сыртынан түсірілген видео жарияланған болатын. Онда кішкене бала былай деді: «Таза ауа жұту үшін Күленов кентіне келдік. Қалаға газ толып қалды. Тек трубалардың басы ғана көрінеді».

«Қазгидрометтің» Шығыстағы филиалы ұсынған мәліметке сенсек, 25 қараша-2 желтоқсан аралығында ауаның ластануы тіркелмеген. Ауадағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы артқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу